Бағдарламалар

“Болашақ” бағдарламасы және тарихы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев..

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

26 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті.

1994 – 2004 жж.

– «Болашақ» халықаралық стипендиясы 785 қазақстандыққа 13 елде білім алу үшін тағайындалды.

2005–2007 жж.

– Жыл сайын тағайындалатын стипендия саны 3000-ға дейін көбеюі;

– Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуы үшін бағдарламаны жетілдіру;

– Стипендиаттарды оқыту және бітірушілерді жұмысқа орналастыру мониторингінің толық процесін қамтамасыз ететін бағдарламаның бірыңғай әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – ББҰ) құрылады;

– Бағдарлама түлектерін бес жылдық жұмыспен қамту үшін елге қайтару жөніндегі міндеттемені бекітетін шарттық базаны әзірлеу.

2008–2010 жж.

– Ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагог қызметкерлері үшін жеңілдік санаттарын енгізу;

– 12 айға дейін ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін шетелде ғылыми тағылымдамалар бағдарламаларын енгізу.

2011–2013 жж.

– Бакалавриат бағдарламасының күшін жою;

– Кадрларды іріктеу мен даярлаудың бағдарламалық-нысаналы әдісін енгізу;

– Медициналық және инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған тағылымдамалар бағдарламаларын енгізу;

– 2005 жылдан 2013 жылға дейін «Болашақ» стипендиясы әлемнің 30 елінің 200 үздік ЖОО-да оқу үшін 10 117 қазақстандықтарға берілді.

2014–2016 жж.

– Шет тілі мен мемлекеттік тілді білу талаптарын арттыру (IELTS 3.0-ден 5.0-ге дейін);

– «6+6» форматы бойынша тілдік дайындықты шектеу (6 ай – елде, 6 ай-шетелде);

– Әлемдік жоғары оқу орындарының ТОП-200-ден ТОП-100-ге дейін қысқарту, мамандықтар бойынша әлемдік жоғары оқу орындарын ТОП-30-ға қосу;

– Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі Split PhD-ды іске қосу;

– «Мәдениет және БАҚ қызметкерлері», «докторантураға өз бетімен түсетіндер», «жалпы конкурс» жаңа санаттарының енгізілуі.

2017–2018 жж.

– Үміткерлерді іріктеу тәсілдерін өзгерту;

– Дипломның орташа балына талаптар күшейтілді (GPA 3,0-ден 3,3-ке дейін).);

– Ағылшын тілін білу деңгейіне қойылатын талаптарды арттыру (IELTS 5.0-ден 5.5-ке дейін);

– Стипендиаттарды оқыту үшін ЖОО тізімі оңтайландырылды: әлемдік жалпы университеттік рейтингтер бойынша ТОП-70 жоғары оқу орнына дейін және әлемдік пәндік рейтингтер бойынша ТОП-20 2018 жылы тізім әлемдік білім беру индустриясы көшбасшыларының университеттерімен (АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция) толықтырылды.;

– Стипендия тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу рәсіміне өзгерістер енгізілді, конкурс алты турдан тұрады. Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы әрбір бағыт бойынша бейінді сарапшылардан құрылды;

– Астана және Алматы қалаларында 5 жылдың орнына 3 жыл жұмыс істеу мерзімі қысқартылған «орталық-өңір» схемасы бойынша еңбек өтеу үшін сараланған тәсіл енгізілді (өңірлік теңгерімсіздікті қысқарту және өңірлерге кадрлық ротацияны қамтамасыз ету үшін);

– Тағылымдамадан өту үшін қызметкерлердің жаңа санаттарын енгізу: «ғылыми қызметкерлер»; “Астана «халықаралық қаржы орталығын құруға тартылған соттардың, прокуратураның, қаржы секторының қызметкерлері», «ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласының қызметкерлері».

Болашақтықтардың бастамасы бойынша «Қазақстан-2050», «Болашақ „Қауымдастығы,“КазАльянс» сияқты қоғамдық және студенттік қозғалыстар құрылды.