Бағдарламалар

Жастар бизнесмендеріне шетелде жәрдемдесу түрлері

Шетелде жастар кәсіпкерлігін қалай қолдайды және қалай дамытады? Себебі, белгілі болғандай, жастарды..

Шетелде жастар кәсіпкерлігін қалай қолдайды және қалай дамытады? Себебі, белгілі болғандай, жастардың инновациялық жобаларды іске асыру үшін айрықша әлеуеттері бар. Олар қоғамдағы өзгерістерді оңай қабылдайды, өмірде технологиялық жаңашылдықтармен қызығады және қолданады, аздау кертартпа, ойлауда барынша икемді, ең бастысы аса белсенді және олардың үлкен энергетикалық ресурстары бар.

Сондықтан, көптеген мемлекеттерде, сол сияқты Қазақстанда да осы әлеуетті уақытында ашуға және өсіруге тырысады. Онымен қоса, жастар өздерінде кәсіпкерлік таланттарын және ой-өрістерін тегін дамыта алады. Бастысы болашақ бизнесмен өзіне не қажет екендігін анықтауы керек: білім, ақпарат немесе қаржылық қаражаттар.

Егер бизнес-идея жүзеге асырылуға дайын болса, жастар кәсіпкерліктерінің қызметіне барлық жер жүзінен қайырымдылық қорлар ресурстары ұсынылады. Стартап қорлары толығымен немесе жартылай қаржыландыруы мүмкін. Егер жоба жарқын және перспективті болса, онда бақытты сынап, ағылшын принці Чарльзбен негізделген «The Prince’s Youth Business International» (YBI) халықаралық қорына тапсырыс беріп көруге болады. Жыл сайын YBI барлық әлем бойынша бірнеше мың бизнес-жобаларға материалдық қолдауды көрсетеді.

Егер бизнес-идея толығымен ойластырылмаған болса және Сізге қосымша мәліметтер керек болса, онда университеттер негізіндегі студенттік бизнес – клубтар аса пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, финдік Aalto Entrepreneurship Society and Aalto Venture Park, американдық Columbia Entrepreneurs Organization ,GSB Entrepreneur Club, HBS Entrepreneurship Club, University of Wisconsin Entrepreneurship Association, шведтік Idelabжәне GU Holding.

Айта кету керек, осы ақпарат алаңдарында өз стартапы үшін венчурлік инвесторды табуға болады, себебі студенттік бизнес-жоспарлар туралы ақпарат коммерциялық компанияларға және қайырымдылық ұйымдарына ұсынылады.

Барлық жастар кәсіпкерліктерін қолдауды сонымен қатар ұлттық және халықаралық бизнес-клубтар көрсетеді. ЖОО –на қатыстылығының, тіпті егер клубтар ЖОО негізінде жұмыс істесе де, олар үшін мәні жоқ. Жетістікті үлгілері негізінде Asia-Pacific Student Entrepreneurship Society (ASES),National Association for Community College Entrepreneurship (NACCE), The Center for Entrepreneurship (CFE), Student Entrepreneur Support Project, The Youth Business Support Unit (YBSU) at Sharek Youth Forum келтіруге болады.

Қысқасы, шетелде де, сол сияқты Қазақстанда да жастар кәсіпкерлігіне жан-жақтылық көмек көрсетіледі: қаржылық, кеңес берушілік, ақпараттық, инфрақұрылымдық. Бастысы, болашақ бизнесмен қандай экономикалық ортада өз ісін ашуға дайын екенін шешуі керек.