Бағдарламалар

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі: Австрия, Германия

Австрия Австрияның Федералдық экономикалық палатасы жанында Автрияның жас экономикасы (АЖЭ) атты арн..

Австрия

Австрияның Федералдық экономикалық палатасы жанында Автрияның жас экономикасы (АЖЭ) атты арнайы ұйым қызмет етеді. Ұйым 36 000 адам жұмыс істейдін 9 аймақтық ( жерлік ) филиалдардан ( Австрияның федералдық жерлері санына байланысты ) , сонымен қатар 100 муниципалдық (аудандық) және жобалық топтардан құрылған. АЖЭ мүшелік ерікті түрде жүргізіледі.

АЖЭ мүшелерін бизнес саласындағы қызықты іс-шаралар мен кездесулер туралы хабарландырады, жас кәсіпкерліктің қалауларинг қадағалау үшін маңызды саяси-экономикалық тақырыптарда сауалнама жүргізеді, әлемдегі өзекті инновациялар жайлы арнайы инновациялық хабарлама таратады. АЖЭ аясында өз бизнесін ашу үшін жасалатын әрекеттер туралы заңды немесе тәжірибелік кеңес беретін жаңа кәсіпкерлерге арналған консалтингтік орталық жұмыс істейді. Ұйым ғаламторда бизнес-портал (Businessportal) жүргізеді.
АЖЭ қаржыландыру негізінде Австрия экономикасының федералдық палатасынан беріледі.

Германия

Германияда федералдық деңгейдегі ірі жас кәсіпкерлер бірлестігі болып Wirtschaftsjunioren Deutschland (WJD) табылады. Ол 40 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер мен басқарушы қызметкерлерді біріктіреді. WJD құрамында 10 мыңнан аса белсенді мүшелері бар. WJD алдында қойылған мақсат – кәсіпкердің қоғамдағы жоғары мәртебесін қолдау, әлеуметтік жауапкершілігі бар экономиканың дамуына жәрдемдесу, әлемде германдық кәсіпкерліктің бәсекелестігін жоғарылату. Халықаралық қызмет Junior Chamber International (JCI) шеңберінде жүзеге асырылады. Ұйым 1954 жылы құрылған, 11 жерлік (Bayern, Baden-Württemberg, Berlin-Brandenburg, Hanseraum, Hessen, Nordrhein-Westfalen, Rheinland-Pfalz, Saarland, Sachsen, Sachsen-Anhalt, Thüringen) және 210 аудандық бірлестіктерден тұрады. Аудандық бөлімшелердің қызметіне аудандық сауда-өнеркәсіп палатасы жалпы басшылық етеді. Федералдық деңгейде – Берлиндегі Германияның сауда-өнеркәсіп палаталарының бірлестігі жүргізеді.

Тағы бір жас кәсіпкерлер бірлестігі – Отбасылық кәсіпорындардың жас меншіктенушілер одағы – Die Jungen Unternehmer (BJU Verband für junge Familien- und Eigentümerunternehmer). Одақ 1950 жылы құрылған, қазіргі таңда Германия экономикасы салаларының бар түрінен 40 жасқа дейін шамамен 1500 мүшесі бар. Кем дегенде 10 қызметкері бар, жылдық айналымы 1 млн. евродан асатын кәсіпорындардың иелері одақтың мүшесі бола алады. Сонымен қатар алдағы 5 жыл ішінде дамудың қажетті сатысына жету мүмкіншілігі бар екенін дәлелдеген жаңа кәсіпкер де одақ мүшесі бола алады.

Маңыздылығы жағынан үшінші орында «Қолөнер жастары» – Junioren des Handwerks e.V бірлестігін атап өтуге болады. Бұл қолөнер мамандарының жаңа буынын дайындауға жәрдемдесетін Германиядағы ең ірі ұйым. Ұйымның құрамында 25-40 жас аралығындағы 8000 мүше бар. Ұйым 120 аймақтық бірлестіктерден құралған. Федералдық бірлестіктің ш таб- пәтері Берлин қаласында орналасқан. Ұйым 1956 жылы Нюрнберг қаласында құрылған. Ұйымның басты міндеті жас шеберлердің кәсіби маманданыуына ықпал ету.

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі: Австрия, Германия

Contacts