Бағдарламалар

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі: Жапония, Ресей

Жапония Жас кәсіпкерлер федерациясы ( ЖКФ ) – көптеген жергілікті СӨП-ң құрылымдық бөлімдері болып к..

Жапония

Жас кәсіпкерлер федерациясы ( ЖКФ ) – көптеген жергілікті СӨП-ң құрылымдық бөлімдері болып келеді. ЖКФ-ң жұмысының ұйымдық түрі – жалпы жиналыстар, директорлар, презмиденттер, вице-президенттер конференциясы, комиссиялар мен комитеттер жиналыстары және аймақтық өкілдердің кездесуі сияқты шараларды ұйымдастыру. ЖКФ белсенділерінің саны басшыларды қоса алғанда 5500 адамға жетеді.

ЖКФ қызметі (негізінде әрқайсысында 5 адамға дейін жұмыс істейтін олардың секретариаттарының) федерация құрамына кіретін компаниялардың мүшелік салымдары есебінен төленеді. Салымдар көлемі кәсіпорынның орналасқан аймағына және кәсіпорынның көлеміне байланысты әр түрлі болады. Әдетте, салымдар көлемі айына 2 мың иенді (шамамен 25 долл.) және жылына 24 мың иенді (шамамен 300 долл.) құрайды. Қосымша қаражат (бюджеттерінің 10 пайызы) ЖКФ қай СӨП құрамында жұмыс істесе, тікелей сол СӨП-н келіп түседі. ЖКФ мүшелерінің жасы 45 жасқа дейін, бірақ бұл шектеу қатал сипатта емес.

ЖКФ СӨП-ның аймақтарды дамыту, кәсіпкерлік мәдениетін жетілдіру, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына жәрдемдеседі. СӨП жанындағы ЖКФ ең перспективті идеяларды анықтау үшін жалпы ұлттық бизнес-жоспарлар байқауын өткізеді, жеңімпаздарға зерттемелерін коммерциализациялау бойынша және басқару тәсілдерін жақсарту туралы кеңестер беріледі.

1983 жылы құрылған Жапонияның СӨП-сы жанындағы ЖКФ-ң мүшелері – 27 мың адамды бірлестірген 400 ЖКФ.

Ресей

Бизнес көшбасшыларының халықаралық форумы

Бизнес-көшбасшылар халықаралық форумы (IBLF Russia) – бұл 2007 жылдан бері Ресейде жұмыс істеп келе жатқан коммерциялық емес ұйым. Басты мақсаты – салааралық серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кеңейтілген шеңберде іс-қимыл жасау.

2008 жылдан бері IBLF Russia «Ресейдің жастар кәсіпкерлігі» бағдарламасын әске асырып келеді. Ол өз ісін ашқысы келетін жас кәсіпкерлерге кешенді қызмет түрлерін ұсынады.

Бағдарламаның негізгі компоненттері: бизнесті жүргізу мен ұйымдастыру бойынша оқыту әрі кеңес беру, стартты капиталға қол жеткізу және тәлімгер көмегі. Қазіргі уақытта РЖК Ресейдің сегіз аймағында өз қызметін атқаруда – Калужск, Воронежск, Новосибирск, Ростовск және Кировск областарында, Приморск  және Краснодарск аймақтары мен  Мәскеу қаласында.

РЖК бағдарламасы Youth Business Internationa халықаралық жастар бизнесін қолдау желілік бағдарламасының мүшелерімен аккредиттелген.

Бағдарлама механизмі

«Ресей жастар кәсіпкерлігі» бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етуге бағытталған, жұмыс орындарын іздеудің альтернативті әдісін іздеу және жастарды аймақтағы әлеуметтік-экономикалық үрдіске жұмылдыру.

«АГАТ» қорының шағын бизнесті қолдау бағдарламасы жаңа бастаушы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл өз ісін жолға қою үшін тиімді және игілікті алаң. Қор жас кәсіпкерлерге олардың бизнес жобаларын іске асыруға көмектеседі. Оның үстіне бизнес идеяны бағалауда, бизнес-жоспарды талдау және даярлауда көмек береді. Қор жастардың жанында тәжірибелі және сенімді тәлімгер-кәсіпқойдың болуына және кепілсіз жеңілдікті несие түрінде бастапқы капитал алуға мүмкіндік жасайды. «АГАТ» қоры, шағын бизнеске көмек көрсету орталығы бола отырып, өндіріс, сауда және қызметтер саласындағы кәсіпкерлік жобаларды қолдайды.

«АГАТ» шағын бизнесті қолдау қоры жоғары технологиялар және ғылыми әзірлемелер саласындағы жобаларды, 750 мың рубль сомада несие талап ететін бизнестерді, өңір өзгешелігіне орай жоғары қатерге ие қызмет түрлерін қарамайды.

«АГАТ» Қоры Бағдарламасының шағын бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан басты айырмашылығы болып бастаушы кәсіпкердің бизнесін тәжірибелі бизнес тәлімгермен жеке түрде кеңестік сүйемелдеу табылады. Екі жыл бойы жас бизнесмен өзін толғандыратын кез келген сұрақтар бойынша өз тәлімгеріне жүгінеді және өз бизнесін ұйымдастыру және дамытуда құнды көмекті тегін алады.

Несие түріндегі бастапқы капитал алу үшін кәсіпкерге, әдетте, банктерде талап етілетіндей, кепілзат берудің керегі жоқ, несиелеу мөлшерлемесі төмен, ал Қордың қызметкерлері құрастыруға көмектескен бизнес-жоспар көп жағдайда бизнес-идеяның табыстылығының кепілі бола алады. Бұған кәсіпкерлік қабілет пен өз стартапын іске асыруға деген нақты шешім қосылса болғаны!

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі: Жапония, Ресей

Contacts