Бағдарламалар

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі

Халықаралық тәжірибе дамыған мемлекеттердің біразында жастар кәсіпкерлігін жүйелік қолдаудың бар еке..

Халықаралық тәжірибе дамыған мемлекеттердің біразында жастар кәсіпкерлігін жүйелік қолдаудың бар екендігін көрсетеді.

Жаңа Зеландиядағы жас стартапшыларды қолдау түрлері

Жаңа Зеландияның стартапшылары үш негізгі қаржыландыру түріне қол жеткізе алады

1. Жобаның бастапқы сатысында (seed capital) қаржыландыру – $20-30 мың.

мүмкіндіктер ваучерлері (Capability Vouchers) – олармен бизнесті кеңейту және дамыту шығыстарының 50% – ын дейін жабуға болады. Мұндай ваучерлерді Regional Business Partner Network атты ұйым береді. Ол бизнесті дамыту мемлекеттік агенттігінің рұқсатымен жұмыс істейді.

ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге арналған гранттар (research and development (R&D) grants) туралы Callaghan Innovation мемлекеттік агенттігінде сұратуға болады.

краудфандинг. Бүгінгі күні Жаңа Зеландияда бұл қаржыландыру түрі кең таралған. Арнайы алаңдар жетілікті, олардың арасында PledgeMe, Snowball Effect, Liftoff ең танымал болып табылады.

2. “Періштелік” қаржыландыру” – $100-500 мың. Егер стартап өнімін нарыққа шығарып үлгерсе немесе жұмыс істейтін прототибі болса, ол бизнес-періштелердің – мамандандырылған клубтардың мүшесі болып табылатын инвесторлар – көмегіне жүгінуге мүмкіндік алады. Олардың арасында Окленд қаласындағы Ice Angels, Веллингтондағы Angel HQ, Enterprise Angels, Archangels, Flying Kiwis, Angel Association. Стартаптар бір жолғы инвестицияға немесе тұрақты қаржылық қолдауға кол жеткізе алады.

3. “А” сериясы бойынша инвестициялау – бірнеше миллион долларға дейін. Нарықта орын алған кәсіпорын А сериясындағы қаржыландыруға қол жеткізе алады. Мұндай инвестициялау инвестор үшін ең төмен деңгейдегі тәуекелді білдіреді, өйткені компанияның сатып алушылары, келісім-шарттары, нақты пайдасы бар. Кәсіпорын артықшылық акцияларын (олар “серия А” деп аталады) сатып, инвесторлардан ақша алады.

Барлық үш кезеңде New Zealand Venture Capital Association (NZVCA) және New Zealand Venture Investment Fund Limited (NZVIF) секілді венчурлік қорларда қаржылай қолдау іздеуге болады. Бұл үлкен пайда көру шартымен стартаптарға ақша салуға әзір инвесторлар бірлестіктері. Венчурлық қорлар ақшаны тікелей салмайды. Олар тек стартаптарға қойылатын талаптар туралы ақпарат беріп, “періштелер” тізімін ұсынады. Осы сайттардағы ақпаратқа сүйеніп, бизнес-жоспарға түзету енгізуге және қандай компаниялар инвестор ретінде қолайлы екенін түсінуге болады.

Басқа көмекшілер

Жаңа Зеландияда бизнес ашу оңай, ал кәсіпкерлік үшін жағдай өте тиімді болғандықтан, бұл елде стартаптарды қолдайтын көптеген инкубаторлар мен акселераторлар құрылғаны ғажап емес. Олар жас кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Олардан шақыру алу үшін жобаны сипаттайтын өтініш, түйіндеме мен қолда бар қаржы туралы ақпарат сияқты бірнеше құжаттар жіберу керек.

The Icehouse әр түрлі білім беру бағдарламаларын, бизнес-коучингті, нарықтағы жағдайды бағалауға көмектесуді ұсынады. Бұл қызметтер туралы ақпаратты тек сауал арқылы ғана алуға болады. Мұнда коворкинг-кеңістікте жұмыс орнын жалдауға болады (орта есеппен айына $400-600 бір үстел үшін).

Lightning Lab ұзақтығы бірнеше ай құрайтын білім беру бағдарламаларының іске асыруда. Инкубатор қатысушыларынан стартап капиталының тек шағын үлесін ғана талап етеді. Есесіне барлық қатысушылар NZ $20 000 ($13 800) көлемінде инвестицияларға ие бола алады. Жобаға командасы, капиталы (немесе инвесторлар қолдауы), қызықты идеясы және дайын жобасы барлар шақырылады.

Venture Up 16 мен 21 жас аралығындағы стартапшыларға арналған алты айлық бағдарламасын ұсынады. Тұру мен тамақтану, өзін-өзі оқыту шығындарын демеушілер өтейді. Қатысушы Веллингтонға жетуді ғана өз мойнына алады.

CreativeHQ жеке және корпоративтік акселератор-бағдарламаларды ұйымдастырады. Бағдарлама барысында қатысушылар оқудан өтіп, тәжірибелі мамандардан кеңестер алып, әлеуетті инвесторлармен танысады. Бағдарламалардың құны сауал арқылы хабарланады.

R9 – бұл ұзақтығы 3 ай құрайтын бірқатар білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан үдеткіш. Ол кәсіпкерлерді үкіметпен өзара іс-қимыл орнатуға және туындаған мәселелерді тиімді шешуге үйретеді. Бағдарламалардың қатысушылары оқу шығыстарын толықтай өтейтін шәкіртақы алады.