Бағдарламалар

Жас кәсіпкерлерді қолдау жобасы «STARTUP«BOLASHAK» стартап-жобалардың байқауы

Байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар б..

Байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және ІІІ орын – 3 млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингі атынан берілетін гранттарын қарастырады. Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар, қызықты идеялардың авторлары инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып,  «Даму» қорының құралдарын пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.
Әлеуметтік инвесторлар ретінде өз қатысуын «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы Сауранбаев растады.
Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін «Бәйтерек» холдингінің барлық өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жеңімпаздардың аты-жөні 21 қарашада бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.
Жалпы алғанда, «Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды таңдайды. Аталған идеялардың авторлары тренингтер мен білім беру семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде комиссия 10 үздік жоба кеңесшілер мен кәсіби менторлардың қолдауымен бизнес-жоспарларды әзірлеуге кіріседі.
«Startup «Bolashak» байқауы барысын республикалық телеарналардың бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу форматында көрсету жоспарлануда.
«Болашақ» байқауының стартап-жобалар байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыруға бағытталып отыр.
«Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты бизнесмен болуға құштарлық болса, онда «Startup «Bolashak» байқауына қатысыңыз деп айтқым келеді. Бұл істерін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуге, нақты бизнес-жоспар жасауға, инвесторлармен кездесуге және ең бастысы бизнесті бастауға қажетті капиталды алу үшін шынайы мүмкіндік», – дейді «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы.