Бағдарламалар

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткіз..

1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» – ҚР халқын тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға бағытталған, оқытуды, жұмысқа орналастыруды, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуі, елдегі еңбек ресурстарының бөлінуін оңтайландыруды қамтамасыз ету бағдарламасы.

Бағдарламаның мақсаты: Жұмыссыздық деңгейін төмендету, кадрлік әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру.

Қатысушылар: жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар, шағын және орта бизнессубъект ілері, бизнесін жаңадан ашқан немесе бизнесін кеңейтуге ниет білдірген кәсіпкерлер.

Бағдарламаның операторы:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2. Бағдарламаның негізгі бағыттары

Бағдарлама 4 негізгі бағыттан тұрады:

2.1. Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде:

· кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар, сондай-ақ психологиялық бейiмдеу;

· тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарына жіберу

· кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;

· лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

· жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;

· жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.

2.2. Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу, оның ішінде:

· сервистік қызметтер, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік) қызметтер көрсету, оқуға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдесу, 1 жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу;

· микронесиелер беру;

· жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу.

2.3. Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру, оның ішінде:

· көшуге субсидия беру;

· жаңа тұрғылықты жерiнде кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

· қызметтік тұрғын үй беру;

· жастарға арналған жатақханалардан бөлме беру;

· психологиялық бейімдеу.

2.4. Ауылдық елдi мекендердi дамыту, оның ішінде:

· ауылдарда, кенттерде, шағын қалаларда дамытудың инфрақұрылымдық жобаларын iске асыруға тарту.

3. Бағыттардың қысқаша сипаттамасы:

Оқыту және жұмысқа орналасуда жәрдемдесу:

«Оқыту және жұмысқа орналасуда жәрдемдесу» бірінші бағыты жұмыссыздарға, ішінара және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға тұрақты жұмыз табуға, ал қажеттігі болған жағдайда – талап етілетін мамандықтар бойынша оқуға көмек көрсетеді. (ПОРТАЛ ДА БАҒДАРЛАМАҒА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу:

«Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты азаматтарға кеңес алуға, оқуға, өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге несие түрінде қаржылық қолдау алуға көмек көрсетеді. (ПОРТАЛ ДА БАҒДАРЛАМАҒА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ )

Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру:

«Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру» үшінші бағыты елдің шалғай аймақтарынан жұмысқа орналасу үшін жайлы аудандарға көшуге ниет білдірген адамдарға арналған. (ПОРТАЛ ДА БАҒДАРЛАМАҒА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

Ауылдық елдi мекендердi дамыту:

Төртінші бағыт: «Ауылдық елдi мекендердi дамыту» аймақтарды инфрақұрылымдық дамыту жобаларында ауыл, кенттер және шағын қалалар тұрғындары үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған жобаларды iске асыруға қолдау көрсетеді. (ПОРТАЛ ДА БАҒДАРЛАМАҒА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

4. « Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы ніске асыру мерзімі мен кезеңдері:

1 кезең: 2011 (пилот тық);

2 кезең: 2012–2015 жылдар;

3 кезең: 2016–2020 жылдар.

5. Нысаналы индикаторлар:

2020 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:

· Бағдарламамен 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады.

· 2015 жылға қарай: өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны 56 %-ға дейін ұлғаяды.

· 2016 жылға қарай:

– кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi;

– жұмыссыздық деңгейi 5,5 % аспайтын болады.

· 2020 жылға қарай: өз бетiнше жұмыспен айналысатын халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың саны 75 %-ға дейін ұлғаяды.

6. Қаржыландыру көздерi мен көлемi:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыруға республикалық бюджете:

· 2011 жылға – 37,4 млрд. теңге;

· 2012 жылға – 57,6 млрд. теңге;

· 2013 жылға – 94,7 млрд. теңге (оның ішінде 20 млрд. теңге шартты-қаржыландырылатын шығыстар);

· 2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;

· 2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.

Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдар:

Бағдарламаның операторы: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бағдарламаның орындаушылары:

· ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi;

· ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi;

· ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi;

· ҚР Экономикалық даму және сауда министрлiгi;

· ҚР Қаржы министрлiгi;

· ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi.

8. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясындағы н орматив тік-құқықтық актілер:

http://pz.enbek.gov.kz/npa

9. Бағдарламаны іске асыру бойынша жалпы индикатор лар – қол жеткізілген нәтижелер:

http://pz.enbek.gov.kz/ru/pzreports/4