Бағдарламалар

Ирландиядағы жас кәсіпкерлерді қолдау стартаптары

Ирландиядағы стартаптарды қолдау Ирландия –өз бизнес-жобаларын іске асырам деушілер үшін тамаша ел. ..

Ирландиядағы стартаптарды қолдау

Ирландия –өз бизнес-жобаларын іске асырам деушілер үшін тамаша ел. Әр түрлі қолдау бағдарламалары, төмен салықтар, стартап-визалар алудың қарапайым процедурасы – мұның барлығы  Ирландияны жыл сайын кәсіпкерлік үшін ең тартымды елдердің рейтингісінде болуына мүмкіндік береді. Мұнда келуге тілек білдірушілердің саны көрші Ұлыбританияға қарағанда әлдеқайда аз, сондықтан бизнес-идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі едәуір ұлғаяды.

Өз жолын Ирландияда бастаған бизнеске, халықаралық нарыққа шығу қиынға соқпайды. Жаңа кәсіпкерлер стартап дамуының барлық деңгейінде қаржыландыру және қолдау бағдарламаларының кең аясына қол жеткізе алады. Елде корпоративтік салық салу жүйесі  ыңғайлы: кәсіпкерлік қызметтің көптеген салалары үшін пайдаға салынатын салық– 12,5%. Ал өндіріс, қаржылық қызметтер және инжиниринг салалардағы жеңілдетілген бизнес үшін салық – 10%. Бұл Еуропадағы  ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Сондықтан Ирландия тәжірибелі де, бастаушы кәсіпкерлер үшін де тартымды ел.

Перспективалы салалар

Ирландияда өз жобаларын дамытуға бел буғандар, бірінші кезекте, ұсынылып отырған жоба “жоғары потенциалды” санатына кіретінін дәлелдеу керек, яғни  бизнес-идея біртума және инновациялық болғаны абзал.

Жергілікті және халықаралық инвесторлар тұрғысынан Ирландияда стартаптар үшін ең тартымды салалар:

– Электроника және инжиниринг

– Компьютерлік жүйелер, софт және мобильді қосымшаларды әзірлеу, гейм- дизайн

– Фармацевтика

– Косметика  өндіру

– Қауіпсіздік жүйелерін, автомобиль компоненттерін өндіру

– медициналық жабдықтарды әзірлеу,

– Биотехнология

– Азық-түлік тауарларын өндіру

Boston Scientific және Medtronic сияқты медициналық технологиялар саласындағы көшбасшы  он компаниялардың ішінде тоғызы Ирландияда орналасқан. Сондықтан, бұл   нарықта бәсекелестік өте жоғары екенін түсіну маңызды. IT-индустрияда да сондай көрініс орын алуда.

Қаржыландыру және инвестициялар

Жас компанияларға ирландық венчурлық қорлар, мемлекеттік агенттіктер, бизнес-инкубаторлар және акселераторлар қаржылық қолдау беруге дайын. Шамамен 10 жыл бойы стартапшылар арасында сайыстар өткізіледі. Оның жеңімпаздары үлкен көлемдегі инвестицияларды алып, көшкен кезде ақпараттық және визалық қолдауға, Ирландияда өз ісін дамытуға көмектесетін тағы да басқа көмекке ие болады.

Competitive Start Up Fund

Enterprise Ireland ірі мемлекеттік агенттігі ел үкіметімен бірлесіп, жылына екі рет стартаптар үшін “Competitive Start Up Fund” байқауын ұйымдастырады.

Қатысу шарттары:

Стартап жасы 3 жылдан аспауы керек.

Алдыңғы инвестициялар 100 мың еуродан аспау керек.

Компания  айналымы жылына 60 мың еуродан аспау керек.

10 жеңімпаз 50 мың евро көлемінде инвестиция, визалық қолдау және кейіннен көші-қон және инкорпорация мәселелері бойынша әртарапты көмек алады. Айта кетерлігі, байқау және жеңімпаздар үшін көмек бағдарламасы тек шетелдік (ирландық емес) стартаптар мен қалыптасудың ерте кезеңіндегі компанияларға арналған.

NDRC және Pulsar Venture Capital бағдарламасы

Enterprise Ireland  агенттігі NDRC акселераторымен бірлесіп, Pulsar Venture Capital венчурлік қордың ресейлік филиалымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы жариялады.

Мұнда технология салаларында стартап жобалардың негізін қалаушыларға басымдық беріледі: IT және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, болашақ медицинасы және биотехнология. Міндетті шарт: үміткер толық прототипке немесе дайын жобаға ие болу керек.

Шетелдік стартаптарды дамытуға көмектесетін Ирландияның басқа да венчурлық қорлары, акселераторы және бизнес-инкубаторлары:

Propeller Venture Accelerator Fund –Еуропадағы ең ірі стартап-инкубаторлардың бірі. Дублиннің Қалалық университеті жетекшілік етеді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге Дублиннің “Кремнийлі доктарында” (Facebook. LinkedIn, Google сияқты әлемдік компаниялардың кеңселері дәл сол жерде орналасқан) бес айлық үдеткіш бағдарламаны өту және компания акцияларының 7,5% 30 мың еуро мөлшерінде инвестициялға айырбастауға ұсынылады. Инкубатор бірінші кезекте  технологиялық салалардағы бизнесті қолдайды.

Startupbootcamp үдеткіші стартапшыларға үш айлық дайындау бағдарламасын ұсынады, 15 мың еуро көлемінде инвестицияны, 6 айға кеңсені және жүздеген әлеуетті инвесторлармен түрлі конференцияларда танысу. Басым салалар: IT, биотехнология.

Медицина саласындағы компаниялардың негізін қалаушыларға HealthXL қорына назар аудару қажет. Ол инвесторларды табуға көмектесіп,   денсаулық сақтау саласымен байланысты мәселелер бойынша кеңес береді.

Ирландиядағы жас кәсіпкерлерді қолдау стартаптары

Contacts