Жобалар

“БізАлматы” жобасы 2019

Ұсынылатын жобалар туралы көбірек біліңіз: Жоба Сипаттамасы Пластик қалдықтардың дайын өнім етіп қай..

Ұсынылатын жобалар туралы көбірек біліңіз:

Жоба Сипаттамасы
Пластик қалдықтардың дайын өнім етіп қайта өңдейтін Rocket plastic шеберханасы Қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімдіге қарай тұжырымдамасы арқылы пластикке «екінші өмір» сыйлау
Меншікті online алаңы арқылы eco-friendly өнімдер нарығын дамыту
Ересек адамдар мен балалардың арасында zero waste, sorting және recycling қағидаларын лайфстайл ретінде тарату
Жеке сатып алушыларға арнап пластикті қайта өңдейтін станоктарды жасау
Сommunity құру және пластик қалдықтармен күресте бірігу
«БізАлматы: келбет» Алматыда қалалық бастамаларды ынталандыру және белсенді қоғамдастықтарды дамыту үшін ақпарат және диалог алаңын құру.
Eco-Scan мобильді қолданбасы (жұмыс атауы) Қолданбаның мұраты — қалдықтарды бөлек-бөлек жинау ережелеріне үйретуден саналы түрде тұтыну, тауарларды не үшін керек екенін жете түсініп сатып алу қағидасына келу арқылыэкосаналы азаматтар буынын өсіру.
Eco-Scan мобильді қолданбасының мақсатықалдықтарды сұрыптау қағидаларын зерделеп түсіне бастаған адамдарға көмектесу.
Қызыл Сызба – жаяу жүргіншілер күре жолдарының желісі Қаланың үздіксіз серуендеу маршруттары тұжырымдамасын және олардың шектеріндегі қала құрылысы тұжырымдамасын құру. Бүкіл қалаға арнап құрылыс салу және абаттандыру прототипін құру.
Young Community Leaders Мегаполистердің балаларға деген қырын қабақтығы проблемасына көңіл аудару үшін жарқын қалалық интервенциялар құру.
– Студенттік комьюнитилерді (қоғамдастықтарды) қолдау және дамыту.
– Жастардың арасында soft skills қалыптастыру.
Smart Stations Команданың мақсаты – жылытылатын ақылды аялдама кешендерін жасау, олар қаламыздың бейнесін ерекше етіп көрсетіп, Алматы тұрғындарына ыңғайлы және жайлы жағдай жасайды, сондай-ақ жарнама берушілер үшін бірегей алаңға айналады.
Қазіргі кезде еліміздің басымдықты бағыттарының бірі – цифрландыру. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бағдарына сай келеді, өйткені аялдама кешені өзінің қызметін электронды платформада жүзеге асырады, сөйтіп соның арқасында толығымен автономды болады. Біздің команда Алматы қаласының әкімдігі құрған «Адамдарға арналған қала» концептін қолдайды және ортақ мақсатқа жетуге өзінің үлесін қосқысы келеді.
Туристер мен гидтерге арналған “ALAguide” қолданбасы Қолданбаның мәнісі мынада: кез келген турист біздің қаламызға келіп осы мобильді қолданбаны тегін жүктеп алып, өзіне ыңғайлы интерфейс тілін таңдайды, онда турист ретінде тіркеледі, өзіне ұнаған гидті оның рейтингіне, турдың құнына, тақырыбына және қонақтың басқа да қалауына қарап таңдайды. Одан кейін қолданба оның сұратуын жүйедегі тіркеудің барлық кезеңдерінен алдын ала өткен аталмыш гидке тікелей қайта хабарлайды, содан соң тапсырыс беруші өзінің сұратуына лезде жауап алады. Одан әрі тіркеу және деректерді өңдеу үшін бүкіл тарих біздің серверлерде сақталады. Орындалған тапсырыстардан түсетін комиссиялық алымдардың есебінен қолданбаны өзін өзі өтейтін деңгейге шығару жоспарланып отыр.
«Зағип Адамдарға Ыңғайлы Аудан» 2019 жылдың 6 айы ішінде Алматы қаласы Алатау ауданының әлеуметтік инфрақұрылымының 10 мекемесінде зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған тосқауылсыз ортаны құру.
«Алматы оазисі» Қоршаған ортаның пластик және газ қалдықтарынан ластануы проблемасына адамдардың назарын аудару.
«Ұмай туралы 5 ертегі, Ұмаймен бірге өтетін 5 тур», «Сиқыршы Ұмай туралы 5 мультфильм» Сұлу әрі мейірімді кейіпкерлері бар, кітап және аудиокітап сияқты пішімде 4 тілде шығарылған қазақтың аңыздары, мифтері мен ертегілерінің негізінде жаңа туристік өнім жасау, ал кейін мультфильмдерді де түсіру.
Қазақ мифтерінің аты аңызға айналған кейіпкерлері бар 5 ертегіні жаңа пішімде шығару.
5 тақырыптық тур құру.
Cityzen Playground (3:0 микроклубы) Жоба шеңберінде біздің Cityzen Space студиясыәріптестерімен бірлестікте қала мәдениетін орталықсыздандыру мүмкіндігін зерттеуді және орталыққа жатпайтын қоғамдық кеңістіктерде қала тұрғындарының бос уақытын өткізуін дамытуды жоспарлап отыр
Ботаника бағындағы қалалық ферма Қала тұрғындарының арасында қалалық және дәстүрлі фермерлік мәдениетін қалыптастыру және нығайту үшін Алматыда тұңғыш көрнекті сити-ферма құру.