Жобалар

Республикалық Алматы ашық лигасы 2019

«Республикалық Алматы ашық лигасы» -Алматы қаласының жастарымен қатар республикамыздың көңілді тапқы..

«Республикалық Алматы ашық лигасы» -Алматы қаласының жастарымен қатар республикамыздың көңілді тапқырлар командалары өнер көрсететін жоба.

Жоба әзіл-оспақты қолдана отырып, қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, отансүйгіштік пен ұлттық сананы дамытуға және қазақ тілін насихаттай отырып кеңінен қолдануға шақырады.

Әдемі әзілді өмір ақиқатымен жарасымды үйлестіретін жобада Мемлекеттік жастар саясаты кеңінен насихатталады.

Жастардың шұбарала тілін тазарту, бойларында сахна мәдениетін қалыптастыру, костюмдер мен реквизиттерді дұрыс пайдалану жолында   кәсіби команда жұмыстар жүргізеді.

Жоба «Маусымашар» фестивалінен бастау алады. Фестиваль аясында   командалар кіші және жоғары топтарға іріктеліп, жартылай 1/2 финалдық сайыстарға жолдама үшін өнер көрсетеді (2 ойын)

Ары қарай классикалық кестемен   жартылай ½ финал (кіші және жоғары топ — 4 ойын)   финал – 2 ойын, барлығы 8 ойын. Нәтижесінде әр топтың чемпиондары, жылдың үздік ойыншылары т.б. анықталады.