Жобалар

Алматы студенттер Альянсы 2019

2005 жылдың қаңтарында еліміздің жастары, студенттер тобы жоғары білімнің, студенттердің нақты пробл..

2005 жылдың қаңтарында еліміздің жастары, студенттер тобы жоғары білімнің, студенттердің нақты проблемаларын көтеруге қабілетті біртұтас студенттік қозғалыс құруды және олардың шешілу механизмдерін жасауды қалайды деп мәлімдеді.

2005 жылы ақпан айында бастамашыл топ ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді, жаңа қозғалыс құрылымын қалыптастыру бойынша әдістемелік материалдар әзірледі. Кездесулер жоғары оқу орындарында, еліміздің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен өткізілді. Операциялық стратегия әзірленді. 15 наурызда Астанадағы Халықаралық баспасөз орталығында Елорда университетінің студенттерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Олар «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысын құру ниеті туралы ашық мәлімдеме жасады.

«Алматы студенттер Альянсы» студенттер қозғалысының басты мақсаты – ҚСА-ның қоғамдық белгілілігін студент жастарының құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құру .

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

  1. Мемлекет студент жастарының құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету

    Студенттер айналасында үнемі социалистік-экономикалық және тұрмыстық жағдайда бақылау өткізу арқылы және студенттік жатақханадарға, асханаларға, кітапханалар мен емханаларға рейд ұйымдастыру арқылы жетіледі. Алынған ақпарат және шешім құрылымы тиісті органдарға жіберіледі. Әрекетті шаралар қолданбаған кезде құзыретті құрылым жағынан ақпарат жоғарыда тұрған жаққа жіберіледі.
  2. Студенттердің отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру және дамыту.ҚСА белгілі құрылымдарды жасау бойынша, отан сүйгіштіктің Қазақстандық моделін конференция, семинар, симпозиум, форум, слет, дөңгелек үстел арқылы жетілдіру және қалыптастыру әдістері және жас таланттардың дамтыу мен қолдау үшін студенттік мәдени-бұқаралық шараларды (концерттер, автожарыс, ӘТК және т.б) ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
  3. Студенттер жастарының арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.Студенттердің құқықтық біліктілікті кең масштабты ақпараттық кампания (әр түрлі полиграфиялық өнім: жарнама, стикер, күнтізбелер, буклет және т.б. жасау және тарату) арқылы, ақпараттық-тақырыптық аудио, видео шығару арқылы, сұхбаттасу ұйымдастыру арқылы, «сенім телефоны» жасау арқылы, «ыстық» электронды пошта, ЖОО-да «сенім жәшіктері» жасау арқылы көтеріге жоспарланған. Жемісті еңбек үшін мемлекеттік органдармен (қаржы полициясы) «Операция сессия» жүйелік жобаны іске асыру үшін келісім жасалыну мүмкін.
  4. Студент жастарының интеллектуалды потенциалын дамыту.Берілген бағыттың шеңберінде ғылыми салада студенттер бастамаларына қолдау және демеу бойынша нақты мәселе шешуге арналған өзара тиімді келісім, меморандум, шарт және т.б. құжаттарды жасау жоспарланған. «Интеллектуалды олимпиада», «21 ғасыр студенті», «Жыл студентті» және т.б. жобаларды, ғылыми-практикалық конференциялар, форум өткізудің, ғылыми жарияланымдардың жинағын шығаруды ұйымдастыру.
  5. Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.«Сау адам-табысты адам» ұранның студент жастарының өміріне жүзеге асыру. Полиграфиялық өнім және тақырыптық видеоның, спорттық шаралардың, флеш-моб акциялардың және кәмелетке толмағандарға ішімдік және темекі бұйымдарын сату фактілерін айқындауға арналған рейдтер жасау арқылы ақпараттық кампания өткізу.
  6. ҚСА ішкі және сыртқы әрекеттесуді ұйымдастырудың жетілдіруі.Қазақстан студенттерінің Альянсінің негізгі жобалары:
    • Республикалық жазғы студенттер лагері;
    • «Жыл студенті» республикалық конкурсы;
    • «Таза сессия» операциясы;
    • «Қалай тұрасың, студент?» республикалық конкурсы;
    • «Қалай тамақтанасың, студент?» республикалық конкурсы;
    • «Қазақстан Республикасының студенттері үшін қоғамдық көліктерге жеңілдіктер» қоғамдық мониторингі.

Қазақстан студенттер Альянсы қазіргі таңда еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасауда. Соның бірі және бірегейі Алматы қаласындағы – «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры.

ҚСА құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдармен жұмыс байланыс орнықтыру, коммерциялық құрылым, әр түрлі азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың әр түрлі институттарымен әрекеттесу жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.ҚСА ұйымдық құрылымы серіктестік басқару құрылымының 5 деңгейінде көрсетіледі:

  1. ҚСА республикалық деңгейінде ҚСА Республикалық штабы;
  2. ҚСА аймақтық деңгейінде ҚСА қалалық штабтары;
  3. ҚСА қалалық штабтары тікелей Республикалық штабқа бағынады.

ҚСА құрылымын төмендегі суреттен көруге болады (Сурет 11):

Сурет 11. Қазақстан студенттер Альянсының құрылымы *

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ – мақсаты Республика жастарының мүдделерін қорғауға, азаматтық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға, сонымен бірге студент жастардың жан-жақты дамуына, білім алуына тәрбиеленуіне және өз мүмкіндіктерін толыққанды таныта алуларына, студент жастардың мәселелерін шешу жағдайлары мен механизмдерін қалыптастыруға бағытталған талаптарын, күш-қуатын, әлеуетін біріктіру болып табылады.