Жобалар

Әлеуметтік сауалнама 2019

Ағымдағы жылы «Жастар үні» ЖҚБ Алматы қаласы жастары арасында ауқымды әлеуметтік сауалнама бастады. ..

Ағымдағы жылы «Жастар үні» ЖҚБ Алматы қаласы жастары арасында ауқымды әлеуметтік сауалнама бастады. Сауалнама екі бөліктен тұрады, бірі жастардың руxани қажеттіліктері, екіншісі әлеуметтік ой-пікірі, көңіл-күйі.

Аталған бағыттар бойынша жалпы саны 1400-ден аса адам сауалнамаға қатысады деп күтілуде. Қала аумағында сауалнама жүргізу нүктелері белгіленді, олар қала ішіндегі 8 ауданға сәйкес, әр ауданда кемі екі орын белгіленді. Жастардың бойындағы қай қажеттілікті анықтап, нені сұрау маңызды екенін білу мақсатында «Жастар үні» бірлестігі әрбір тақырып бойынша эксперттердің 4 кездесуін өткізді.

Сауалнама жүргізетін ұл-қыздарға арнайы тренингтер өткізіліп, тиісті сұрау парақтары екі тілде таратылды. Барлығы жалпы, 20 адам сұрау бекеттеріне аттандырылды. Қазіргі таңда 700-адамдық алғашқы сауалнама жасалынып, қазір мамандардан оның толыққанды есебі күтілуде. Дәл сол уақытта екінші сауалнама басталып кетті. Жалпы жоба тамыз айының аяғында бітеді деп күтілуде. Екі сауалнама бойынша «Жастар үні» бірлестігі 100 данадан екі кітапша шығарады.

Кітапшада сауалнаманың есебі екі тілде кемі 50 беттен болады. Кейін сауалнама нәтижелері бойынша бірлестік жігіттері Алматы қ, ЖОО студенттері арасында кездесулер өткізбек, жалпы алғанда 7000 адамды қамту көзделген.