Жобалар

Zhastar Online 2019

Zhastar Online – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы 2017 жылы жүзеге асыра..

Zhastar Online – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы 2017 жылы жүзеге асыратын жобалардың ішіндегі ең негізгісі. Жобаны жүзеге асыру барысында Басқарманың almaty-zhastary.kz ресми сайты түбегейлі жаңарып, жастарға арналған дербес электронды порталға айналады. Ол жерде Басқарма жаңалықтарынан бөлек жұмыс ұсыныстары, білім жобалары, мәдени шаралар туралы өзекті ақпарат тұрақты жарияланатын болады. Бұл жастарға жұмысқа тұру, білім алу, бос уақытын ұйымдастыруға пайдасын тигізеді. Порталдың дизайны заманауи, безендірілуі минимализм концепциясына сүйенген, пайдалануда ыңғайлы.

Бұдан бөлек жоба аясында жаңа медиа саласында мамандарды дайындауға бағытталған 11 семинар өткізу жоспарланған.