Видео – Almaty Jastary https://almatyjastary.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Mon, 23 Dec 2019 05:00:04 +0000 kk-KZ hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.2.4 Сеулде жаңа технологиялар көрмесі ашылды https://almatyjastary.kz/news/17795/ https://almatyjastary.kz/news/17795/#respond Mon, 23 Dec 2019 04:32:32 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17795  

Сеулде жаңа технологиялар көрмесі ашылып, әлемге танымал компаниялар өз жетістіктерін паш етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жаяу жүргіншілерді қорғайтын құрылғыдан бастап жасанды интеллектісі бар камераларды көруге болады. Мысалы, ұялы телефон ұстаған жаяу жүргіншіні қорғауға арналған құрал дыбыстық ескерту жасайды. Жасанды интеллектісі бар камера болса кез келген қозғалысты үзбей бақылай алады. Ал тағы бір «ақылды» жүйе арқылы дауыспен бөлмедегі ауа температурасын, теледидарды және жарықты басқаруға болады. Көрмеде сиырдың денсаулығы туралы ақпарат беретін арнайы құрал да қойылған. Қазір оны Жапония, Бразилия, Германия сынды елдер қолдана бастаған.

Ю Дже Хун, компания менеджері:

– Сіз қонақ үйде тапсырыс бере аласыз, содан кейін робот оны орындайды. Мысалы, біз суға тапсырыс береміз, экранда қонақ үй қызметкері тапсырысты көреді, содан кейін робот лифтке кіріп, бөлмеге су әкеледі.

Ли Сын Хван, Капсулаларды өндіру компаниясы бөлімінің басшысы

– Қазір біз бұзауларға капсула жасауды қарастырып жатырмыз. Жақын арада қойға және басқа да жануарларға арналған осындай құрылғылар өндірісі басталады. Капсуланың құны шамамен жүз сексен долларды құрайды. Фермерлер өз қаражаттарына капсула сатып алады. Бірақ мемлекет қолдау көрсетіп отырғандықтан, құрылғылар үкіметтен бөлінген қаражатқа алып жүр.

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17795/feed/ 0
Боксшы Айдос Ербосынұлы үш белдігін қорғап қалды https://almatyjastary.kz/news/17808/ https://almatyjastary.kz/news/17808/#respond Sun, 22 Dec 2019 04:59:28 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17808 Ешкімге дес бермеген Айдос  Ербосынұлы WBA, WBC  және WBO алтын белдігі жолындағы жекпе-жекте қарсыласын есеңгіретіп тастады.

Ресейдің Красноярск қаласында венесуэлалық Омар Гарсиямен кездескен қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айдос үш бірдей алтын белдігін бәске тіккен еді. Қарсыласы Омар да осал саналмайтын. Реті келсе әлгі үш белдікті де тағып алуды жөн көрді. Алайда салған жерден Гарсияға тап беріп, ақыры талдыра жаздап, сегізінші раундта төрешілер бәсекені тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл жиырма сегіздегі Айдостың кәсіпқой рингтегі он үшінші жекпе-жегі еді. Бұған дейін қарсылас шақ келтірмеген Ербосынұлы тағы да өз шоқтығының биік екенін дәлелдеді.

Дереккөз: https://24.kz/kz

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17808/feed/ 0
Тәуелсіздік күнін Алматы қаласы “Мен ҚАЗАҚПЫН!” әнімен қарсы алды https://almatyjastary.kz/video/17702/ https://almatyjastary.kz/video/17702/#respond Mon, 16 Dec 2019 13:31:39 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17702

]]>
https://almatyjastary.kz/video/17702/feed/ 0
ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ! https://almatyjastary.kz/video/17533/ https://almatyjastary.kz/video/17533/#respond Sun, 15 Dec 2019 05:57:40 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17533 Биылғы Жастар жылына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастарға қолдау көрсету» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 желтоқсан күні өтетін  «JASTAR INNOVATION-2019» инновациялық жобалардың көрмесіне шақырамыз. Көрме Smart Point коворкинг орталығында өтеді. Уақыты: 16.00-18.00.

Көрме барысында жастардың инновациялық жобаларының таныстырылымы болады. Үздіктер анықталып, марапаттау рәсімі өтеді. Көрмеге кәсіпкерлер, инвесторлар, қала тұрғындары, жастар, БАҚ өкілдері т.б. қатысады.

Өтетін күні: 18.12.2019 ж. Уақыты: 16.00-18.00

Өтетін орны: Smart Point коворкинг орталығы, Амфитеатр залы. (Алматы қ, Байзаков көшесі, 280)

E-mail: [email protected]

Байланыс телефоны: 8 775 919 80 99.

# almatyzhastary, #jastarinnovation

 

]]>
https://almatyjastary.kz/video/17533/feed/ 0
АЛЫП ШАҺАР АЛМАТЫ ТЫНЫСЫ (РОЛИК) https://almatyjastary.kz/video/17529/ https://almatyjastary.kz/video/17529/#respond Sat, 14 Dec 2019 04:55:24 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17529

]]>
https://almatyjastary.kz/video/17529/feed/ 0
Алматыда мерекелік от шашу ұйымдастырылды https://almatyjastary.kz/video/17197/ https://almatyjastary.kz/video/17197/#respond Sun, 01 Dec 2019 05:03:03 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17197 Алматыда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік от шашу атылды.

Фейерверктер қала тұрғындарының сүйікті жерлері – Көк-төбе мен Тұңғыш Президент саябағында сағат кешкі 21:00-де іске қосылды.

Салюттар жеке компаниялардың жеке қаражатына ұйымдастырды. Ал өтетін орны мен уақыты қала әкімшілігімен келісілді.

Алматы әкімдігі мұндай қоғамдық іс-шараның маңыздылығын ескеріп, оның өтетін уақыты мен орнына қажетті рұқсатын берді.

 

]]>
https://almatyjastary.kz/video/17197/feed/ 0
Сыртқы саясатта терроризмге қарсы күреске баса мән береміз – Қ.Тоқаев https://almatyjastary.kz/news/17122/ https://almatyjastary.kz/news/17122/#respond Thu, 28 Nov 2019 06:16:39 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17122 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тіркелген дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті.

Басқосу Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде 2019 жылдың еліміз үшін аса маңызды болғанын атап өтті.  Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Бұл сөз тіркесін бүгін Ақордада өткен алқалы жиынға қарата айтуға болады. Мұнда әңгіме ауаны өтіп бара жатқан жылдың мән-маңызы және әлем мемлекеттерімен орнаған қарым-қатынас жайында өрбіді.

Елордада 70 елшілік пен 30 халықаралық ұйым өкілдігі жұмыс істейді десек, бірқатары биыл дипломатиялық корпус нысандарын жаңартып үлгерді. Ал Алматыда Халықаралық ұйымдардың жаңа ғимараты ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Еліміздегі дипломатиялық өкілдіктер алдағы уақытта да көбейе түседі деп үміттенеміз. Осы орайда Беларусь және Оңтүстік Корея елшіліктері жаңа ғимаратқа көшкенін атап өткім келеді. Елорда төріндегі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Дипломатия саласында көп жыл еңбек еткендіктен бұл жұмыстың қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін өте жақсы білемін. Мемлекеттеріміз арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймын.

Еліміз де алыс-жақын мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдігін кеңейтті. Болгария, Латвия, Эстония, Сербия, Словакия, Португалия және Швейцария астаналарына тұрақты елші жіберді. «Екіншіден биыл Тұңғыш Президент тарихи шешім қабылдап, билікке басшылардың жаңа буыны келді» деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз елімізде теңгерімді саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асырамыз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше жетекші елдердің стандарттарына басымдық береміз. Үкімет осы мақсатқа жету жолында батыл әрі нық қадам жасайды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» Қазақстанның мемлекеттік жүйесінің негізгі нышандары.

Президент дипломатиялық миссия басшыларына «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мақсат-міндеттерін де түсіндірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Үкімет азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне уақытылы көңіл бөлу үшін жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қоғамдағы плюрализмді қолдап, оны ілгерілету мақсатында саяси партиялардың дамуына мүдделімін. Сондықтан қазіргі уақытта бейбіт шерулердің өткізілуін реттейтін заңнамалық нормалар қайта қаралуда. Біз барлық мемлекеттік органдардың есеп беруін арттыру үшін азаматтық институттардың рөлін күшейте түсеміз.

Биыл еліміздің құқық қорғау саласында ауқымды реформа қолға алынды. Сот жүйесіне де өзгерістер енді. Саясатта ғана емес, экономикада соны серпін пайда болды.

Президенттің айтуынша, алдағы 5 жылда өршіл әрі батыл мақсаттарға қол жеткізуіміз керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мемлекеттік аппараттың саяси тұрақтылығы мен тиімділігін экономикалық өсімнен бөліп қарауға болмайды. Бұл бағытта бірқатар жетістіктер бар. 2019 жылдың 10 айында еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,4 пайызға өсті. Doing Business-2020 рейтингінде Қазақстан 25-орында. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде еліміз 55-орында тұр. Алдағы бес жыл ішінде халықаралық рейтингтегі позициямызды айтарлықтай жақсартуды жоспарлап отырмыз.

Еліміз көпветорлы саясатты ұстанып, сан түрлі құрылымдарға мүшелік етуін жалғастыра береді. Биыл мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеуі соған дәлел. «Сыртқы саясатта жаһандық конфессияаралық келісімге, терроризмге қарсы күреске баса мән береміз» деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мен сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға ресми сапармен бардым. Келіссөздер өте нәтижелі өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиттеріне қатыстым. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, соның аясында бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер жүргіздім.

Сыртқы саясатта Ресей сынды одақтас елмен мақсат бір, мүдде ортақ. Бұл мемлекетпен барлық бағытта ынтымақтастық тереңдеуі тиіс. Қытай да осы тізімде. Біздің ел «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдайды және осы жобаға белсенді түрде қатысады. Ал Орталық Азиядағы Өзбекстанмен ірі жобалар жүзеге асырылады.

Анатолий Ничкасов, Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

– Қазақстан астанасы – халықаралық өзекті мәселелер талқыланып, шешімі табылатын алаңға айналды. Ал елдеріңіз бейбітшілік және интеграциялық бастамалардың генераторы десек болады. Сондай-ақ Президент мырза сіздің әлемдік саясаткерлермен кездесулеріңіз бен сапарларыңыз барлық тарапқа оң нәтиже бергенін атап өткім келеді. Жақында ғана Беларусь басшысымен жүрген келіссөздер осы сөзіме айғақ.

Одақтас әрі серіктес елдермен екі жақты байланыс өз алдына, дүниежүзілік құрылымдармен ынтымақтастық тереңдейді. Осы ретте мемлекет басшысы елімізде Біріккен Ұлттар ұйымының орнықты даму орталығын ашу жөніндегі бастамасын еске салды. Себебі халықаралық қауымдастыққа қарата айтылған бұл ұсыныс қолдау тапса, Орталық Азия аймағындағы ықпалымыз арта түседі.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Дереккөз: https://24.kz/

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17122/feed/ 0
17 жастағы қытайлық спортшы 30 секунда 228 рет секіріп рекорд орнатты https://almatyjastary.kz/news/17060/ https://almatyjastary.kz/news/17060/#respond Fri, 22 Nov 2019 05:05:50 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17060 17 жастағы қытайлық спортшы секіргішпен 30 секунд ішінде 228 рет секіріп әлемдік рекорд орнатты.

Шанхайда өтіп жатқан секіргішпен секіру бойынша VI Халықаралық жарыста Цэнь Сяолинь өзі орнатқан бірнеше рекордты қайта жаңартты: 1 секундта 7 рет секіру, 30 секунда 228 рет секіру және 30 минутта 1141 рет секіру.

30 секунда 228 рет секіру әлемдік тарихта Гиннес рекордтар кітабына ең шапшаң әрі нақты орындалған секіру техникасы ретінде еніп отыр.

17-летний китайский спортсмен прыгнул на скакалке 228 раз за 30 секунд — и это новый мировой рекорд!У каждого государства свое Рухани! На шестых Международных соревнованиях по прыжкам со скакалкой, проходящих в Шанхае, Цэнь Сяолинь смог побить сразу несколько установленных им ранее рекордов в категориях: 7 прыжков за 1 секунду, 228 прыжков за 30 секунд и 1141 прыжок за 30 минут.Рекорд 228 прыжков за 30 секунд попал в Книгу рекордов Гиннеса с отметкой о том, что это было самое быстрое и чёткое исполнение прыжковой техники «бегущий шар» в мировой истории.

Опубликовано Алимжаном Бисембаевым Четверг, 21 ноября 2019 г.

BAQ.KZ

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17060/feed/ 0
Мәжілісте Жастар жылының қорытындысы сараланды https://almatyjastary.kz/news/16776/ https://almatyjastary.kz/news/16776/#respond Mon, 04 Nov 2019 06:37:20 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=16776

 

Биылғы «Жастар жылы» аясында еліміз бойынша жалпы шаралармен 2 миллионнан астам жас қамтылды. Бұл жоғары білім алу үшін гранттар мен стипендиялар және тегін жатақханалармен қамту. Ал арнайы шаралармен 722 мың адам немесе елдегі әрбір бесінші жас қамтылған. Бұл туралы «Жастар жылының қорытындылары мен Еріктілер жылын өткізуге дайындық туралы» Мәжілістегі «Үкімет сағатында» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Жастары жылы» жастарға қолдау боларлықтай тағы қандай іс-шаралар өтіпті?

Жандос Жұмабек, тілші:

– Бүгінде Қазақстанда үш миллион сегіз жүз мыңнан астам жас бар. Бұл жалпы халық санының 21 процентін құрайды. Жалпы жастарды Мемлекеттік қолдау шараларын екіге бөлуге болады: бірі дәстүрлі бағыттар бойынша іске асырылатын жалпы шаралар, ал екіншісі Жастар жылына орайластырылған арнайы шаралар. Барлығын қосқанда биылғы жылы 3 млн жуық жас түрлі шаралармен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда жастар саясатын қаржыландыру көлемі 40 есеге өскен. Бұл көрсеткіш алғаш рет ішкі жалпы өнімнің 0,5 процентін құрап отыр. Жастар жылы аясында мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын жүйелендіру үшін Үкімет Жол картасын қабылдады. Биыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер жалға беріледі. Алдағы 3 жылда осындай 9 мың пәтер үлестірілмек. Ал 2019-2021 жылдары «Жастар тәжірибесі» жобасына қатысушылар санын 30 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Бүгінде республика бойынша 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Волонтерлік қозғалыспен 50 мыңнан астам адам қамтылған. Іс жүзінде ол қоғамның ресурстары мен жасампаз энергиясына сүйенетін Жастар бастамаларын да дамытуға бағытталатын жыл болмақ.

Дереккөз: https://24.kz/

]]>
https://almatyjastary.kz/news/16776/feed/ 0
Жастар INNOVATION жобасы https://almatyjastary.kz/video/16684/ https://almatyjastary.kz/video/16684/#respond Wed, 30 Oct 2019 06:33:12 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=16684

]]>
https://almatyjastary.kz/video/16684/feed/ 0
Роботтар адамдарды жұмыссыз қалдыруда https://almatyjastary.kz/news/16648/ https://almatyjastary.kz/news/16648/#respond Mon, 28 Oct 2019 08:21:51 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=16648 Оңтүстік Кореяда көптеген қызмет түрін құлтемір атқара бастады.

 

Осы ретте білім министрлігі заманға сай маман иелерін даярлауға ерекше көңіл бөліп отыр. Оқу жүйесін жаңартып, жаңа құралдармен жабдықтау – басты мәселе. Озық үлгілер арнайы ұйымдастырылған көрмеге шығарылды.

Жасанды интеллект адамның қолынан келетін қай істі де дөңгелетіп алып кететінін көрсетті. Тіпті биші роботтар үйлесімдік пен шыдамдылық жағынан асып та түсті.

Қазір дәстүрлі оқулықтардың дәуірі өткен. Оқушылар материалды тәжірибе арқылы жақсы меңгереді. Мұны өрт сөндіру қызметі де жақсы түсінеді. Сөйтіп, 2007 жылдан бастап мектептерге арнайы автобустар келе бастады. Мұнда балалар жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін ұғынады. Тек сөз жүзінде ғана емес, шынайы оқиғаға жақын көріністердің куәсі болады. Ол үшін жасанды түтін де қолданылады. Мұндай автобустарда он тоғыз мың оқушы тәжірибе алған. Енді бұл балалар дефибриллятордың көмегімен адамды құтқара алады.

Бұл құрылғылар барлық қоғамдық орындарда бар. Кореялық кейінгі буын өкілдері оқу орнындағы жылыжайларда көкөніс пен жеміс-жидек өсіреді. Мұны гидропониканың көмегімен жүзеге асырады.

Ким Ги Бэк, университет өкілі:

– Әзірге жастар ауыл шаруашылығымен айналысқысы келмейді. Бірақ шамамен бес жылдан кейін жас фермерлердің саны артады деп ойлаймын. Университетімізде шамамен бес жүздей студент бар. Ақылды фермалардан басқа, олар зоология, мал шаруашылығы, ландшафттану мен бақша егуді зерттейді. Сеул университеттерінің бірінде пианино тартуға көмектесетін құрал-жабдықтар да бар.

Жаңа бастап жүрген оқушылар үшін арнайы бағдарлама жасалған. Ол қай пернені қандай саусақпен басу керектігін көрсетеді. Артқы жағында екі компьютер қосылған. Егер сіз музыкалық файлды жүктесеңіз, талдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Блоктар қалаған пернелерге түседі.

Жылдамдықты орнатуға болады. Сондай-ақ автоматты ойнату режимі бар. Соның арқасында сіз ритмге сәйкес пернеге басасыз. Оң жақта ұпай кестесі бар. Елдегі осы және өзге де ноу-хаулар болашақ мамандарға бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Дегенмен жасанды музыканттан гөрі тірі адамның эмоцияларын тыңдау, көру әлдеқайда жағымды, дейді мамандар. Өйткені робот косметолог пайда болса, оған сұраныс аз болмақ. Себебі машина клиентпен әңгімелесе алмайды.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Дереккөз: https://24.kz

]]>
https://almatyjastary.kz/news/16648/feed/ 0
АЛМАТЫДА ВЕЛОМАУСЫМ-2019 АЯҚТАЛДЫ https://almatyjastary.kz/news/16642/ https://almatyjastary.kz/news/16642/#respond Mon, 28 Oct 2019 08:06:34 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=16642

]]>
https://almatyjastary.kz/news/16642/feed/ 0