Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззәт іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», – деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды. Ендеше назарларыңызға білім туралы нақыл сөздерді ұсынамыз. Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.