Youth Inc. Business Academy акселерациялық бағдарламасы: әзірбайжандық стартаперлер үшін мүмкіндік X..
XXI-ғасырдың басында бұрын-соңды болмаған экономикалық серпіліс, және одан кем түспейтін қаржылық пике орын алды, қазір де жаңа идеялар, жаңа тәсілдер және жаңа батылдық күтілуде. Әзірбайжан экономикасы да осыған мұқтаж, қуатты және шапшаң дамитын шағын және орта бизнес диверсификация және даму жолында қуатты ынталандырушы болары сөзсіз.
Бүгін ел үшін арманшылдар ғана емес, өз жобаларын іске асыратын, жаңа дүкендер, құрылыс фабрикаларын ашатын, онлайн-банкты іске қосып, қолжетімді шаштараздар желісін жолға қоятын немесе басқа да кез келген жобаны жүзеге асыратын, тек табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құратын адамдар қажет.
Бастаушы әзірбайжандық стартаперлер Youth Inc. Business Academy бірегей акселерациялық бағдарлама арқасында өз ісін қалай ашуға болатынын үйренуге және қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік алды. Осылайша, бағдарламаға қатысушылар 6 апталық қарқынды оқу-ағарту курстарынан өтті, олар Youth Inc. жас кәсіпкерлер бағдарламасы және оның серіктестері, Coca-Cola компаниясы, DVC, жастар және спорт министрлігі, байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің «Жоғары технологиялар паркі», сондай-ақ Nobel Oil энергетикалық компаниясы көмегімен ұйымдастырылды.
Атап өтейік, 2013 жылдан бері Әзірбайжанда жемісті іске асырылып отырған Youth Inc. бағдарламасы, өз бизнесін ашуға ұмтылатын жастардың бастамасын қолдау жолымен елде жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында құрылған. Coca-Cola компаниясының Youth Inc. бағдарламасы шеңберіндегі қызметі жастар бизнесін құру және дамытуды қолдауға бағытталған. Youth Inc. белсенді қызметінің жылдары ішінде аталған бағдарламаның түлектері 8 түрлі бизнес-жобаларды іске асырды, шамамен бес мың жас адам бағдарламаның түрлі шараларына қатысты.
Акселерациялық бағдарламаның мақсаты – таңдалған 25 үміткердің стартап-қызметін теориялық және практикалық білімге оқыту жолымен ынталандыру және көмектесу және Әзірбайжандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету.
Бағдарламаға қатысушылар менторлармен – Әзірбайжанның және шетелдің тәжірибелі бизнесмендерімен – өз бизнесін ұйымдастыру және жүргізудің қыр-сырын талқылады. Тәжірибе қуатты теориялық базамен нығайтылады: мекторлардың дәрістерінен басқа «студенттер» Стэнфорд Университетінің профессоры, Силиконды алқаптың мәңгі иесі Стив Бланк және оның командасымен Lean Launchpad оқу видеолары базасында жасалған кітаптарды пайдаланды.
Бағдарламаның арқасында бастаушы кәсіпкерлер әлеуетті клиенттер табуды үйренді және олармен байланыс жасаудың тәсілдерімен танысты, ел ішінде болсын, оның сыртында болсын, әлеуетті бизнес-серіктестер (қоса құрылтайшылар, инвесторлар, менторлар мен кеңесшілер) іздеу дағдыларын меңгерді, олармен кездесті және бірлескен жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды. Бұдан басқа, қатысушылар бизнесті ұйымдастырудың қыр-сыры туралы, зияткерлік меншік құқығы туралы, компанияның иелік және қоса иелік ету нысандары туралы, бизнес үшін қаражат тарту, сондай-ақ компания қызметінде заманауи технологияларды пайдалану туралы үйреніп білді. Бағдарлама асқан қызығышулықпен қарсы алынды: 25 орынға бөлінген квотаға 690 адам өтініш берді, оның ішінде 203 адам тіркеуден өтті.
Еске сала кетейік, 2013 жылдан бері Coca-Cola компаниясымен, Әзірбайжанның жастар және спорт Министрлігімен және DVC Әзірбайжанда жемісті іске асырылып отырған Youth Inc. бағдарламасы, жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін бірқатар мүмкіндіктер ұсынады. Coca-Cola компаниясының Youth Inc. бағдарламасы шеңберіндегі қызметі Әзірбайжандағы жастар бизнесін құру және дамытуды қолдауға бағытталған. Coca-Cola, жастарға инвестициялау қоғамның экономикалық әл-ауқатын жақсарту және елдің тұрақты дамуына қолдау көрсету тұрғысынан өте маңызды деп есептейді.
Youth Inc. бизнес-инкубация Орталығы өз қызметін бастады және жас кәсіпкерлерге сұрақтардың кең шоғыры бойынша қызметтер көрсетуге дайын. Youth Inc. бағдарламасы туралы қосымша ақпарат www.youthinc.az. сайтында.