Бағдарламалар

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі: Молдова, Сингапурдағы

Молдова Молдова жастарын экономикалық қолдаудың ұлттық бағдарламасы жас молдовалық кәсіпкерлерге оқы..

Молдова

Молдова жастарын экономикалық қолдаудың ұлттық бағдарламасы жас молдовалық кәсіпкерлерге оқытудан өтуге және өз бизнес-идеяларын енгізу үшін мемлекеттен қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.

Жастарды экономикалық қолдаудың ұлттық бағдарламасы Молдова Республикасында жаңа бизнесті дамытуда жастардың қатысуын қолдаудың тиімді үлгісі ретінде орнықты. Кәсіпкерлік қызметке оқыту курстары ұйымдастырылды, оны 4 мыңнан аса адам аяқтады. Шамамен 1,7 мың бизнес идеялар 477,8 млн. лей сомаға қаржыландыру алды, оның ішінде қарыз көлемінен 40% мөлшерде 189 млн. лей өтеусіз гранттар бар. Жасалған инвестициялардың арқасында шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. 2017 жылға 20 миллион лей бөлу көзделген, бұл жас кәсіпкерлермен ашылған шамамен 170 кәсіпорынды қоса қаржыландыруға мүмкіндік жасайтын ресурстар.

Бағдарламаның мақсаты: жастардың бойында білім және ресурстарды (қаржылық, адами, материалдық, уақытша және т.б.) оңтайлы пайдалануға негізделген кәсіпкерлік қабілеттерді дамыту, жас кәсіпкерлердің өз бизнесін ашу және дамытуы үшін қажетті қаржылық ресурстарға қол жеткізуін жеңілдету, жастарды жаңа кәсіпорындар құруға және дамытуға ынталандыру.

Бағдарлама:

өзінің іскери қабілеттілігін дамытуға;

ауылдық жерде өз ісін ашуға;

жаңа жұмыс орындарын құра отырып, ауылдық өңірлердегі қолданыстағы өз ісін дамытуға ниет білдірген, 18-30 жас арасындағы   жастарға арналған.

Бағдарлама үш компоненттен тұрады:

–    I-компонент: кәсіпкерлік қызмет жөнінде оқыту және кеңес беру

–    II-компонент: грант үлесімен (40%) 300.000 лейға дейін сомаға несиелер беру (5 жылға)

–    III-компонент: Постқаржылық мониторинг

Сингапурдағы стартап жобаларды қаржыландыру

Сингапурдың стартап-индустриясы қаржыландырудың қолжетімділігімен ерекшеленеді. Сингапурда бастапқы инвестициялардың орташа мөлшері — 500-550 мың сингапурлық доллар, бұл мысалы, Кремний алқабынан ($900-950 мың) әлдеқайда аз.

Ірі инвесторлар арасында — 500 Startups, August Capital, East Ventures, NSI Ventures және Pix Vine Capital бар. Сонымен қатар, Сингапурде стартапшыларға бизнес-қолдаушылар және венчурлік қорлар өкілдерімен танысуға көмектесетін бірнеше делдалдық фирмалар бар. Мұндай ұйымдардың арасында — Angel Investment Network (бизнес-періштелердің сингапурлық ең ірі деректер базасына қол жеткізуін қамтамасыз етеді) және BANSEA (Business Angel Network Southeast Asia). BANSEA нақты бизнес-жоспарлары бар және 72-720 мың доллар көлеміндегі капиталға мұқтаж компаниялармен жұмыс істейді.

Сингапурде бизнес дамуының ерте сатысында көмектесетін акселератор мен инкубаторлар көп. Міне, олардың кейбіреулері:

Clearbridge Accelerator – венчурлық қор және инкубатор, ол биотехнологиялар және ақпараттық қауіпсіздікте маманданған стартаптарды инвестициялайды. Инвестициялар көлемі —720 мың сингапурлық долларға дейін.

InspirAsia –сияқты мобильді төлемдер, кредит беру, мобильді банкинг, ақша аударымдары   сияқты салалардағы жұмыс істеп жатқан жобаларға бағытталған  үдеткіш. Жобалар 5-15 % капитал үлесінің орнына 50 мыңнан 300 мың АҚШ долларына дейін алады.

JFDI (Joyful Frog Digital Incubator) – қарқынды менторлық бағдарламаны және 36 мың сингапурлық долларды стартап капиталының үлесіне (8,9%) алмастыруды ұсынады.

Startupbootcamp FinTech –қаржы технологияларда маманданған стартапға көмектесетін үдеткіш. 17,6 мың сингапурлық доллар мөлшерінде қаржыландыруды, 4 ай бойы тегін жұмыс орнын,     сонымен қатар, капиталдың 6% үлесін  бизнес-қолдаушылар  және менторлармен байланысқа айырбастауды ұсынады.

Кремний алқабының азиялық аналогын құруға ұмтылған  сингапур үкіметі,  гранттар мен бизнес бастамаларды қолдауға ақша аямайды. Мемлекеттік бағдарламалар  арасында мынадайларды атап өтуге болады:

·        Accreditation@IDA – ақпараттық қоғамды дамыту жөніндегі Агенттіктің бастамасы (Infocomm Development Authority, IDA) стартаптарға ірі компаниялармен келісім-шарттар жасасуға көмектеседі.

·        ACE стартаптар  үшін гранттары (Action Community for Entrepreneurship) –36 мың сингапурлық долларға дейінгі мөлшерде гранттар. Шарттары: жеке қаражатын салу және кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы (үміткер жаңа бастаған кәсіпкер болуы тиіс,  бұрын Сингапурде тіркелген фирмалары болмауы тиіс).

·        I. JAM (IDM Jump-start and Mentor) – бюджеттік қаражат үкіметте  аккредиттелген жеке бизнес-инкубаторлар желісі арқылы стартаптар арасында бөлінеді. Екі транш бөлінеді: бірінші —   36 мың сингапурлық долларға дейін, екінші —144 мың.

Технологияларды инкубациялау бағдарламасы TIS (Technology Incubation Scheme) – бағдарлама Сингапур Ұлттық зерттеу қорының (National Research Foundation) бастамасы бойынша іске қосылған. Венчурлік капиталды тарта отырып, жобаларды қоса қаржыландыруды ұсынады —венчурлық инвестордың 85% дейін капитал салымын немесе 360 мың сингапурлық долларға дейін.

Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың халықаралық тәжірибесі: Молдова, Сингапурдағы

Contacts