Бағдарламалар

ҚР білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы

Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықт..

Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жоғары білім

  • Жоғары оқу орындарының 65%  халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредитациядан өтсе, 30%  тәуелсіз ұлттық  мамандандырылған аккредитациядан өтті.
  • Мемлекеттік  тапсырыс бойынша білім алған және  оқуларын бітірген соң мамандықтары бойынша бірінші жылы жұмысқа тұрғызылған ЖОО түлектерінің үлесі:  2015  жылға дейін – 78%,  2020 жылға дейін – 80% құрайды.

ТжКБ

  • Колледждердің 30%ұлттық институционалдық  аккредитациядан өтті.
  • Техникалық және кәсіптік  білім беру мекемелерінде  мемлекеттік тапсырыспен оқыған және   оқуларын бітірген соң бірінші жылы жұмыспен қамтылған  түлектердің үлесі 2015 жылы – 78%, 2020 жылы  – 80%  құрайды.

Орта білім

  • Білім беру жүйесі 12 жылдық  оқу моделіне толық ауыстырылады. Және электрондық оқыту жүйесі  2015  жылға дейін мектептердің – 50 пайызына,  ал 2020 жылы – 90 пайызына  енгізіледі.
  • 160 «тірек мектебі» – шағын құрамдағы мектептерге арналған ресурстық орталықтар  құрылмақ.
  • Ал инклюзивтік  білімге жағдай жасалған  мектептердің  үлесі 2015 жылы -30 пайызға дейін,  2020 жылға дейін  –  70 пайызға дейін жетеді.
  • Жаратылыстану-математикалық  пәндер бойынша  оқу  бағдарламаларын  игерген  оқушылардың үлесі 70 пайызды шамалайды.

Мектепке дейінгі тәрбие

  • 3-6 жастың аралығындағы  балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен  қамту көрсеткіші 2020 жылға  дейін 100 пайызға жетеді.

БАҒДАРЛАМАҒА ТОЛЫҚ СІЛТЕМЕ: https://strategy2050.kz/page/gosprog2/