Алматылықтар қаладағы қандай ғимараттары ерекше деп санайды

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы алматылықтардың ғимараттарды бірегей нысандар каталогына енгізу туралы алғашқы ұсыныстарын жариялады.

Тізімде Көктөбедегі телемұнара, «Столичный» азық-түлік дүкені, «Сайран» автовокзал ғимараты және басқалары бар.

28 қазандағы тізім бойынша:

1. Төле би көшесіндегі «Ауыл» тұрғын үй кешені, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысы;

2. Қонаев көшесіндегі «Қабанбай батыр» тарихи ғимараты;

3. Достық даңғылындағы панельді үйлер;

4. XIX ғасырдың аяғындағы сарай, Бөгенбай батыр көшедегі, 19а;

5. Революцияға дейінгі кезеңде салынған бұрынғы артиллериялық қойманың ғимараты.

6. ХІХ ғасырдағы үй, Қайырбекова, 2;

7. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ғимараты, Бөгенбай батыр, 61;

8. «Сайран» автовокзалы;

9. Әміре Қашаубаев атындағы музыка мектебінің ғимараты, Гоголь көшесі, 44-51. Қазір бұл жерде қоғамдық тамақтану мейрамханасы орналасқан;

10. Арбаттағы «Егіздер»;

11. Гоголь көшесі 15-тегі аркалы үй;

12. «Столичный» азық-түлік дүкені;

13. Кеңестік панно мен мозаика сақталған Қарасу шағын ауданындағы бұрынғы Мәдениет үйі;

14. Ет комбинатындағы бұрынғы Мәдениет үйі;

15. Тастақ ауданындағы ескі үй, Брусиловский, 136;

16. Компот ауданындағы жеке үй, Яблочной, 2;

17. Ерекше терезелері мен кіреберістері бар Төретай көмесіндегі ғимарат;

18. Вокзал маңындағы үйлер (Сейфуллина – Молдағалиева – Ақан Сары – Шолохов);

19. Көктөбедегі теледидар мұнарасы. Бұл тізім жаңа өтініштердің түсуіне қарай кеңейе бермек. Басқармасының хабарлауынша, ұсыныстарды қабылдау мерзімі әлі белгісіз.

Қорытынды тізім сарапшылар мен тұрғындардың сайтта дауыс беруі арқылы анықталады. Қазіргі уақытта мамандардың тізімі жасалуда. Айта кетсек, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы бірегей ғимараттардың каталогын құруды ұсынған болатын. Таңдалған нысандар сәулет ескерткіштерінің қалалық тізіміне енеді.

Ақпарат көзі: krisha.kz