Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
Наурызбай ауданы БО орталығының басшысы Сана Жандайдың айтуынша, мұндай орталықтардың міндеті – құрамына заңнамалық, психологиялық, әлеуметтік, медициналық, білім, тұрғын үй және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-кеңестік, түсіндіру және ресурстық қолдау көрсету екенін атап өтті.
Ал Алатау ауданы БО орталығының басшысы Ақмарал Басирова өтініш білдірген аналармен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруда әлеуметтік және қаржылық-уәждемелік қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
«Бизнес Бастау», «Жас кәсіпкер» аясында ISKER ANA бағдарламасы қолға алынған. Әмбебап бизнеске отбасылардың барлық мүшелерін тарту үшін қажет мамандықтар мен кәсіп бойынша оқулар ұйымдастырылады, ақша табудың жолдары мен әдістері үйретіледі.
Медеу ауданы БО орталығының басшысы Жұмагүл Тәжібекова көпбалалы әйелдерді белсенді болуға шақырды. Орталықтарда жеке тұлғалық өсу, көшбасшылық, балаларды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар бойынша тегін шеберлік-сыныптар мен тренингтер өткізіледі. Мұнда бизнес-идеяларды құруға үйретіп, жобаларды іске асырғанға дейін сүйемелдейді.
Алматының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтары туралы ақпарат:
Алатау ауданы – Нұркент ықшамауданы, 5/25 үй;
Алмалы ауданы – Наурызбай батыр к-сі, 106А үй;
Әуезов ауданы – Ақсай-1 ықшамауданы, 4А үй;
Бостандық ауданы – Розыбакиев к-сі, 250 үй;
Жетісу ауданы – Жансүгіров/Ломоносов көшесі, 65/34;
Медеу ауданы – Зенкова, 15/41;
Наурызбай ауданы – 347 үй, корпус 1;
Түрксіб ауданы ‐ Рихард Зорге к-сі, 9;
Староэлеваторская к-сі, 17 үй.