Осы жылдың 21 қарашасы күні Алматы қаласы әкімдігінің жанынан жанынан құрылатын қалалық “Жастар кеңесіне” өтініш қабылдау басталған. Енді міне “Жастар кеңесіне” іріктеудің екінші кезең басталды. Бұған дейін сайтымыздағы онлайн қабылдау нәтижесінде 5 желтоқсанға дейін өтініштер келіп түсті. Мінеки, аталған өтініштерден іріктеліп, 55 үміткерге дауыс беру мүмкіндігі туып отыр.
Онлайн дауыс беру 11 желтоқсан мен 17 желтоқсан аралығында (сілтемеге өтіңіз! «almatyjastary.kz») жүріледі. Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 25 жас талант (18 бен 35 жас аралығындағы) “Жастар кеңесіне” мүше бола алады.