Құрметті Алматы қаласының жастары! Мемлекеттік қызмет – қоғамды өзгертер ең басты кәсіптердің бірі. ..
Құрметті Алматы қаласының жастары!
Мемлекеттік қызмет – қоғамды өзгертер ең басты кәсіптердің бірі. Себебі, мемлекеттік қызмет – билік пен қоғам арасын байланыстырушы. Жыл сайын бұл мегаполистен 100 мыңнан астам ЖОО түлегі оқуды тәмамдайды. Олардың басым көпшілігі тәжірибе жинау үшін мемлекеттік қызметке аяқ басатыны белгілі. Алайда енді ғана өмірге қадам басқан жас азамат мемлекеттік қызметке келген сәтте көп дүние жаңа болып көрінеді. Бітіруші студенттер алғашқы жұмысында тез бейімделіп, тест тапсырудағы қиындықтарды еңсеру, мемлекеттік қызметтің ішкі жүйесімен танысу үшін, «Жастар Үні» ЖҚБ Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Мемлекеттік қызметкерлер мектебі» атты оқу курсын екінші мәрте жүргізбек.
Өткен жылы біздің мектеп 60-тан аса бітіруші түлекті және 70 шақты мемлекеттік қызметкерді оқу курсынан өткізген болатын. Осы жылы екі кезеңнен тұратын 6 айлық оқу курсы 29 жасқа дейінгі 85-тен аса үміткерді оқытуды жоспарлап отыр.
Жоба барысында біз қатысушыларды бес түрлі курспен (ағылшын тілі, құқықтық сауаттылық, психология, әлеуметтану, компьютерлік сауаттылық), төрт айлық оқыту процесі және екі айлық тағлымдамамен қамтамасыз етеміз. Ай сайын Алматы қаласының тарихи мекендері мен табиғи ошақтарына тегін түрде тимбилдинг ұйымдастырамыз. Әр түрлі маман салаларымен семинар-тренингтер өткіземіз. Барлығы тегін және жастар үшін!
📍Егер сіз мемлекеттік қызметкер атанғыңыз келсе, онда Сізді кәсіби маман даярлау курсынан өтуге шақырамыз! Адам өмірінде сәтті мүмкіндік бір рет қана болары анық. Сол мүмкіндіктен айырылып қалмаңыз. Бізбен бірге оқыңыз, үйреніңіз, кәсіби маман болып қалыптасып, ел тізгінін ұстауға аттаныңыз!
⚠Эссені 24 мамырға дейін қабылдаймыз.
✅@memqyzmetalmaty BIO-сындағы сілтемеге өтіп тіркеліңіз!
📲Барлық сұрақтар бойынша:
+7 7478491787 – Баян Әлтай
#мқм2019 #шгс2019 #мқм2018 #шгс2018 #almatyjastary2019 #жастарүні #школагосслужбы